$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда теракт ұйымдастырмақшы болған екі адам сот санкциясымен тұтқындалды

Олардың мекенжайларына тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдас бөліктер, суық қару табылған.
Фото: knb.gov.kz
Фото: knb.gov.kz

2020 жылғы 14 ақпанда ҚҚ ҰҚК жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру нәтижесінде Алматы қаласында деструктивті діни ағымның 2 ұстанушысын ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Олар сот санкциясымен қамауға алынған.

Олардың мекенжайларына тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдас бөліктер, суық қару, шабуылдау көзделген объектілердің фото және бейне түсірілімдері бар смартфондар алынды.

Көрсетілген адамдарға қатысты терроризм актісіне дайындалу (ҚР ҚК 255-бабы) және терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу материалдары бойынша, қамауға алынған адамдар республика аумағында, соның ішінде адамдар көп шоғырланған орындарда террористік актілер дайындаған.

Тергеу жалғасуда.

 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары