$ 514.65  544.6  5.17

Полицейді көлігінің капотымен итерген ауыл тұрғынының жүргізуші куәлігі жоқ (ВИДЕО)

Патрульдік полиция батальонының қызметкері жол ережесін бұзған Chevrolet Aveo көлігінің жүргізушісін Екатеринбург-Алматы тасжолының 917-ші шақырымында тоқтатты.

 Ақмола облысында Екатеринбург – Алматы бағытындағы тасжолда жүргізуші куәлігінсіз болған көлік иесі полицейден жасырынуға тырысқан. Бірақ, полицейлердің бірі оның көлігінің капотына секірген. Соның салдарынан жүргізуші полицейді көлік капотымен итерген, деп хабарлайды  Polisia.kz.

Бұл оқиға 14 ақпанда Жақсы ауылында болған. Патрульдік полиция батальонының қызметкері жол ережесін бұзған Chevrolet Aveo көлігінің жүргізушісін Екатеринбург-Алматы тасжолының 917-ші шақырымында тоқтатты.

Полиция қызметкері көлік жүргізушісінің жүргізуші куәлігі жоқ екенін біліп, оған әкімшілік кодексінің 612-бабы бойынша хаттама толтырған. Содан кейін әлгі жүргізуші полицейден жасырынуға тырысқан. Алайда полицей көлік капотына секіріп, жүргізушіні тоқтатпақ болыпты. Жүргізуші заң талаптарына бағынбай, көлікті айдауды жалғастыра беріпті.

Ауыл тұрғыны  қарсыласқанына қарамастан ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Құқық қорғау органы қызметкерінің талаптарына бағынбау фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 380-бабының ("билік өкіліне зорлық-зомбылық қолдану") 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Естерңізге сала кетейік, жүргізуші куәлігі жоқ адамға көлікті айдағаны үшін ескерту немесе 5 айлық есептік көрсеткіш (13 250 теңге) айыппұл салынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары