$ 449.58  486.94  4.86

Ақтөбе қаласындағы балабақшадан өрт шықты (ВИДЕО)

Өрт себебін анықтау үшін оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.

Бүгін 102 нөміріне Ақтөбе қаласындағы Ливенцов көшесінде орналасқан "Әсем" балабақшасында өрт шықты деген хабарлама түсті, деп жазады BAQ.KZ.

Полиция наряды бірден өрт орнына жетті. Ол жерде ғимараттардың бірінен түтін шыққан. Мекемеден 90 баланы сыртқа шығарып, оларды патрульдік полиция автобусына отырғызды.  

Өрт себебін анықтау үшін оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары