$ 443.85  474.3  4.8

Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза болды

Ақтөбе облыстық полиция департаменті жүргізушілерге жол ережесін сақтауды қатаң ескертеді.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Самара-Шымкент тас жолында жүк көлігінің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болып, соның салдарынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды деп хабарлайды Nur.kz.

Қайғылы жағдай бүгін 23 ақпанда болды.

Polisia.kz мәліметінше, Самара - Шымкент тас жолының 915 шақырымында 39 жастағы КамАЗ жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, "Volkswagen Sharan" көлігімен соқтығысқан.

Белгілі болғандай, жеңіл көліктің бір жолаушысы дене жарақатын алып, төрт адам оқиға орнында көз жұмды.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті жүргізушілерге жол ережесін сақтауды қатаң ескертеді.

Еске сала кетсек, 15 ақпанда Маңғыстау облысындағы тас жолда жантүршігерлік жол-көлік апатынан үш адам қайтыс болғаны хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары