АҚШ-та сыра зауытында болған атыстың салдарынан қайтыс болғандардың отбасына президент Дональд Трамп көңіл айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға АҚШ-та болған. Висконсин штатының Милуоки қаласының тұрғыны жұмыстан қуылған соң, "Molson Coors" кәсіпорнында атыс ұйымдастырған.
Жергілікті полицияның мәліметінше, 51 жастағы күдікті атыс салдарынан көз жұмған. Оқиға болған жерден күдіктіден бөлек, басқа да адамдардың мәйіті табылды. Милуоки тұрғыны қызмет жасаған "Molson Coors" компаниясы сыра өндірумен айналысады.
Бұл қайғылы оқиға жайлы хабардар болған АҚШ президенті Дональд Трамп қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.
"Мен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамын. Бұл қорқынышты нәрсе", - деді Трамп көңіл айту барысында.