$ 448.15  483.46  4.86

Көкшетау кафелерінің бірінде үш мас әйел ер адамды жабылып ұрып тастады

Полиция департаментінің хабарлауынша, әдетте төбелес кезінде әйелдер зардап шегетіндіктен, мұндай дерек өте сирек кезеседі.
rus.delfi.lv
rus.delfi.lv

Көкшетаудағы кафелердің бірінде үш әйел бір ер адамға жабылып, оны ұрып тастады, деп хабарлайды NUR.KZ.

Ең кішісі – 38 жаста, қалған екеуі одан төрт жасқа үлкенірек үш әйел көрші үстелде отырған 43 жастағы ер адамды ұрып тастады. Бұл жағдай 1 наурызда базар ауданындағы кафелердің бірінде таңғы алтыда болған. Онда бірнеше адам демалып отырған.

Полицияның айтуынша, ер адам әйелдермен танысу үшін олардың үстеліне келген. Кейін өзара жанжал туындапты. Ішімдікке мас болып қалған олардан кафе әкімшілігі сыртқа шығуларын талап еткен. Алайда, олар тынышталудың орнына бір-біріне жұдырық ала жүгірген де, үш әйел ер адамды ұрып тастаған.

Төбелес жайлы куәгерлер кезекші бөлімге хабарлапты. Оқиға орнына тәртіп сақшылары мен шұғыл тергеу тобы келген. Олар ер адамды ашулы әйелдерден ажыратып алған.

Қазір «Бұзақылық» бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Ал әйелдерге «міндетті түрде келу керек» деген бұлтартпау шарасы қабылданған. Полиция департаментінің хабарлауынша, әдетте төбелес кезінде әйелдер зардап шегетіндіктен, мұндай дерек өте сирек кезеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары