$ 494.87  520.65  4.91

Ым-жымы бір: прокурорлар контрабандашылармен «ауызжаласқан»

Тергеуші мен мемлекеттік кірістер департаментінің маманы да ұсталды.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 Контрабандашыларға прокурорлардың өзі көмек қолын созып, қолдап отырған. Алматы облысында осындай күдікпен көлік прокуратурасы қызметкерінің қолына кісен салынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап. 

 Аға прокурормен ым-жымы бір болған экономикалық бөлімнің тергеушісі мен мемлекеттік кірістер департаментінің маманы да қамауға алынды.

 Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің мәліметінше, олар контрабанда дерегі бойынша үстінен іс қозғалған серіктестік басшысынан 30 мың доллар, яғни 11 миллион теңгеден аса пара алған. Қыруар қаражаттың қарымтасына қадағалаушы орган өкілдері кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі жылы жабуға уәде беріпті. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары