Еш кінәсі болмаса да 23 жыл түрмеде отырған азамат қомақты қаржыға кенелді. Ол 23 жыл жазықсыз темір торда отырғаны үшін өтемақы алып, аяқастынан ақшаның астында қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға АҚШ-тың Канзас қаласының тұрғынының басынан өтті. Оған сот қате айып таққан.
Өтемақы өндіріп алған Ламонте Макинтайр 1994 жылы 17 жасында екі рет кісі өлтірді деген айыппен сотталған. Арада ұзақ уақыт өткенде оның ісі сотқа қайта қарауға жіберілген. Нәтижесінде, оның кінәсіздігі анықталды.
Ақырында ол, 2019 жылы 43 жасында заңсыз сотталғандарға өтемақы өндіріп алуға болатынын біліп, Заңға сәйкес Канзас штатына қарсы талап арыз берген. Енді ол, соттың шешімімен 1,5 миллион доллар өндіріп алатын болды. Мұнан бөлек, сот кінәсіздігі туралы сертификат және 2020 және 2021 жылдардағы медициналық қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік бағдарламаға қатысуға рұқсат берген.
Жазықсыз түрмеде отырып шыққан Ламонте қазір "Кінәсіздік кереметі" коммерциялық емес ұйымын құрып, өзі секілді сот қателігінен запа шеккен адамдарға көмектесуді мақсат етіп отыр.
"Канзас штаты жастығымды, өмірімнің 23 жылын алды. Орнына ештеңе берген жоқ", - дейді қаншама жылдары түрмеде текке өткеніне қынжылған Ламонте Макинтайр.