$ 494.87  520.65  4.91

Анасы емшіге сеніп, жануардың сүйегінен жасалған ұнтақпен емделген қыз көз жұмды

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Картбаев үй жануарларының сүйегінен және жүнінен жасалған ұнтақ "барлық ауруға ем" деп сатып келген.

Қарақалпақстанның Тахиаташ ауданында ақ қан (лейкоз) дертіне шалдыққан 12 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Centralasian.org қызметіне сілтеме жасап.

Елдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Гаухар Абдисаметованың айтуынша, қыздың анасы Рашид Картбаев есімді емшінің айтқанына сеніп, химиялық терапияны тоқтатып, қызын жануардың сүйегінен жасалған ұнтақпен емдеген.

"12 жастағы қыз біздің аудандық ауруханада тіркеуге алынды. Оның анасы жануардың сүйегі және жүндерінен жасалған ұнтақтың қасиетіне сеніп, химиялық терапияны тоқтатып қойған. Қолдан жасалған ұнтақтың қасиеті туралы ешнәрсе айта алмаймын, бірақ қыздың ақ қан ауруы салдарынан көз жұмғаны рас", - деді министр орынбасары.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Картбаев үй жануарларының сүйегінен және жүнінен жасалған ұнтақ "барлық ауруға ем" деп сатып келген. Оның бұл "дәрілерінің" бағасы 85 000-350 000 сум (8-36 доллар) тұрады.

Президент Шавкат Мирзияев қол қойған бұйрыққа сәйкес, елде халықтық медицинамен айналысуды қалайтындар арнайы рұқсат (лицензия) алуы тиіс. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Картбаевтың мұндай лицензиясы болған емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары