$ 498.34  519.72  4.85

Пойыз темір жолда 37 жылқыны басып кетті

Жылқылардың иесі 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

Көкшетау станциясының темір жол бойында 37 жылқыны пойыз басып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Оқиға 7 наурыз күні таңғы уақытта болған. «Қарағай–Уголки» жол аралығында жүк пойызының машинисі тежегішті барынша қолданып көргенімен, тиісті жылдамдықта келе жатқан пойыз уақытында тоқтай алмаса керек.

Тағы оқи отырыңыз: Жолаушылар пойызы Аршалы маңында жайылған 11 жылқыны жайратты (ВИДЕО)

Көлік полицейлері жылқылардың иесін тапты. Ол – Ақмола облысының 43 жастағы тұрғыны екен. Енді, ол азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 559-бабы, 1-бөлігіне сәйкес, яғни, темiржол үшін арнайы бөлінген жолақта мал жаю қағидаларын сақтамағандықтан әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары