$ 439.43  473.31  4.82

Қарулы топ Чили әуежайында 14 миллион доллар ақшаны ұрлап кетті

Осы оқиғаның салдарынан екі күзетші зардап шеккен.
Фото: twitter.com/n_policiales
Фото: twitter.com/n_policiales

Қарулы топ Чили әуежайында  тұрған көлікке шабуыл жасады, деп хабарлайды "Guardian" басылымы. 

Басылым мәліметіне көзжүгіртсек, қаруланған белгісіз біреулер әуежайдағы шабуыл кезінде 14 миллион доллар мен бір миллион еуро ұрлап әлгі жерден тайып тұрған. Оқиға кезінде 7-10 адам екі көліктегі терминалды ашқан. Содан қомақты қаражатты жымқырған.

 Чили полицейлерінің айтуынша, қаскөйлер ол көлікте ақша болатынын алдын ала білген екен. Осы оқиғаның салдарынан екі күзетші зардап шеккен.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#шабуыл #Чили