$ 498.34  519.72  4.85

Дәрігерлер Алматыдағы аялдамада аяғынан айрылған әйелдің жағдайын айтты

Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші екі айға қамауға алынды.

Дәрігерлер Алматыда аялдамада аяғын көлік жұлып кеткен әйелдің жағдайын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Науқас жансақтау бөлімінен травмотологиялық бөлімге ауыстырылды. Жағдайы орташа деңгейде ауыр деп бағаланып отыр. Онымен психологтар жұмыс істеп жатыр", - деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші екі айға қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Еске салайық, 5 наурызда Алматыда аялдамада тұрған әйелдің аяғын көлік жұлып кеткен болатын. Кейінірек әйелдің екі аяғынан айырылғаны белгілі болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#дәрігерлер