$ 514.65  544.6  5.17

«Айқайлап, қорқыта бастады»: Алматыда Рүстем Әбдірашевтің ұлы бойжеткенге шабуыл жасаған (ВИДЕО)

Содан кейін ол полицияға арызданған. Ал Полиция департаменті арыз Бостандық аудандық басқармасына түскенін хабарлады.

Алматылық бойжеткен режиссер Рүстем Әбдірашевтің ұлы жолда өзін ерсі ұстап, қоқан-лоққы көрсеткенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Наталья Батухтинаның айтуынша, Әбілқайыр Жарасқан жолда өзін әдепсіз ұстап, ерсі қылықтар көрсеткен. Оқиға Бостандық ауданының Нұр-Алатау шағын ауданында болыпты. Машина рөлінде отырған қыз оқиғаны видеға түсіріп, Facebook парақшасына жариялаған.

«Жол өте тар еді. Онымен бетпе-бет кеп қалдық. Бір адам екіншіге жол беруі тиіс еді, бірақ, ол маған жүгіріп келіп, қолындағы таяқшасын шошаңдатты. Мен қатты қорқып кеттім. Есіктер мен терезелерді жауып, телефонды алып, түсіре бастадым. Бірақ, ол маған келіп, айқайлап, қорқыта бастады» деп жазды Батухтина.

Содан кейін ол полицияға арызданған. Ал Полиция департаменті арыз Бостандық аудандық басқармасына түскенін хабарлады. «Полиция қызметкерлері ер адамның тұрған жерін анықтап жатыр», - деп мәлімдеді Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.

Ведомстводан хабарлағандай, Әбілқайыр Жарасқанның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі, одан кейін заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары