$ 444.22  476.38  4.82

Өскеменде ұрылар мейрамханадан ақша толы сейфті ұрлап кеткен

Металл сейфті ашқан соң ішіндегі ақшаларды қалтаға басқан әккілер өзін жол жиегіне лақтырып кеттік дейді.
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

Өскемендік полицейлер миллион теңгенің ұрлығын ашты. Қылмыс 4 наурызға қараған түні сағат 3-тер шамасында мерамханалардың бірінде болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрылар ғимаратқа пластик терезені бұзып кіріп, металл сейфті көтеріп кетіпті. Сейф ішінде 20 200 доллар мен 100 000 теңгедей ақша болған. Қылмысты ашу үшін құрылған жедел топ 26 мен 35 жастағы екі күдіктіні қолға түсірді.

«Жауап алу барысында ұрылар кінәсін мойындады. Металл сейфті ашқан соң ішіндегі ақшаларды қалтаға басқан әккілер өзін жол жиегіне лақтырып кеттік дейді. Ұсталған екеу Өскемен қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-тармағы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр» , – деп хабарлады Өскемен қаласы ПБ басшысы Дәур Ибраев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары