$ 494.87  520.65  4.91

Алтай ауданында қарақшылар 80 жастағы кейуананың үйіне баса-көктеп кірген

Қарақшыларды қолға түсіру үшін криминалдық полиция басқармасының және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылған.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

 Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында екі ер адам зейнеткердің үйіне баса-көктеп кірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тонаушылар Серебрянск қаласының 80 жастағы тұрғынына пышақ кезеп, 33 мың теңгесін тартып алған. Қарақшыларды қолға түсіру үшін криминалдық полиция басқармасының және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылған. 

«29 және 30 жастағы күдіктілер көп ұзамай қолға түсті. Екеуі де Алтай ауданының тұрғындары. Бұрын сотталмаған. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 192-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ШҚО