$ 444.22  476.38  4.82

Дүкенде сатушымен керісіп қалған тұтынушы ұрлық жасады

Жігіт 2 бөтелке сыра сатып алмақ болған.

Түркістанда дүкен сатушысымен сөзге келіп, ақыр соңында оның телефонын жымқырған сатып алушыны полицейлер бір сағат ішінде ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Төле би ауданының полициясына шағымданған сатушы оқиғаның тал түсте болғанын айтты. 2 бөтелке сыра сатып алмақ болған жігіт дүкеншінің 100 мың теңге тұратын телефонын да өзімен бірге ала жөнеліпті. 

Қылмыс болған жерге жедел жеткен аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері куәгерлерден жауап алып, көшедегі бейнебақылау камераларын тексеріп шықты. Нәтижесінде сақшылар күдіктіні көлігі арқылы тауып, қолға түсірді. Айғақ зат ретінде сатушының телефоны тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары