$ 524.65  552.19  5.14

Жылына 70 мыңнан астам турист келетін Ақмешіт үңгірін өртегендер іздестіріліп жатыр

Сондай-ақ, бұзақылар үңгірдегі қазандар мен самаурынды және басқа да заттарды ұрлап кеткен.

Түркістан облысындағы Ақмешіт үңгірін белгісіз адамдар өртеп, тонап кеткен. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

5 наурыз күні таңертең жергілікті тұрғындардың бірі полицияға Ақмешіт үңгірінде тапшандар мен үстелдердің өртенгені туралы хабарлаған. Сондай-ақ, ол бұзақылардың үңгірдегі қазандар мен самаурынды және басқа да заттарды ұрлап кеткенін айтқан.

Келтірілген шығын 300 мың теңгеден асады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, күдіктілерді іздестіруде.

Нақты айтқанда, Ақмешіт үңгірі Түркістан облысының Бәйдібек ауданында орналасқан. Жыл сайын онда 70 мыңнан астам турист келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары