$ 494.87  520.65  4.91

Алматы метросында хайп жасап, жолаушылардың зәре-құтын қашырған жігіт ұсталды (ВИДЕО)

Пранк жасамақшы болған жігіт халықтан кешірім сұрады.

Алматыда метросында қатты жөтеліп, жолаушыларды қорқытқан 23 жастағы жігіт қамауға алынды.  Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.

Әлеуметтік желіні бақылау негізінде ұсақ бұзақылық фактісі анықталған. 

"Қазір, қиын жағдай туындаған кезде азамат Х.-тың әрекеттері қорлық. Хайп үшін жас жігіт барлық моральдық-этикалық нормаларды ысырып тастады, осы үшін де полиция қызметкерлері тарапынан Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ол 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Салтанат Әзірбек.

Айтпақшы, пранк жасамақшы болған жігіт халықтан кешірім сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#хайп