$ 444.32  473.33  4.76

Бетперде сатып алмақшы болған Өскемен тұрғыны алаяқтың құрбаны болды

Қандай жағдайда болмасын бейтаныс адамдарға дербес деректерді және шот нөмірлерін хабарлауға болмайды.
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

"102" жедел арнасына Өскемен қаласының 23 жастағы тұрғыны медициналық бетперделерді сату туралы жарнаманы танымал сайттан көріп қалған. Содан олардың сатып алмақшы болып, ақшаны онлайн-төлем арқылы аударыпты. Бірақ одан кейін әлеуметтік желі сатушысы байланысқа шықпай, ізім-ғайым жоқ болыпты. Сол кезде әлгі бетперделерді сатып алу үшін ақша төлеген тұрғын алданғанын біліп, бірнеше күннен кейін полиция көмегіне жүгініпті, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Дегенмен, бастапқыда жәбірленуші сатушының әдептілігіне үміттенген. Ақырында хабарсыз қалған алаяқтан күдер үзген тұтынушы бірнеше күннен кейін полицияға шағымданады. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. 

ШҚО полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды, интернетте күмәнді келіссөзді жүргізбеуді ескертеді. Елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаскүнемдердің арам ойларын жүзеге асыруы мүмкін, сақ болуларыңызды сұрайды.

 Полиция департаменті облыс тұрғындарына ескертеді:

- қандай жағдайда болмасын бейтаныс адамдарға дербес деректерді және шот нөмірлерін хабарлауға болмайды;
- әлеуметтік желілерде тауарларды сатып алу-сату туралы шарт жасасудың қажеті жоқ;
- ақша қаражатын күмәнді электрондық немесе банктік шоттарға аудармау, тауарды экспресс-төлем терминалдары арқылы төлемеңіз;
- жеке басыңыздың ақпаратын ашық түрде әлеуметтік желілерде орналастырмаңыз; 
- банкоматтардың қосымша қызметтерді қоспаңыз.

 Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары