$ 514.65  544.6  5.17

«Қазір, тіпті, ұйықтауға қорқамыз»: Испанияға барған қазақстандық студенттер министрліктерден көмек сұрады

"Қайырлы күн, сіздерге 2 наурыз күні елге оралу ұсынылды. Сіздер бас тарттыңыздар!", - деді Дәуленов.
Фото: traveller-eu.ru
Фото: traveller-eu.ru

Академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Испанияға барған қазақстандық студенттер әлеуметтік желі арқылы құзырлы министрліктерден көмек сұрады. Олар Испанияда жергілікті тұрғындар нәсілшілдік танытып жатқанын айтқан, деп жазды, Sputniknews.kz.

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің 2-курс студенті академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша жарты жылға Сьюдад-Реаль қаласына барған. Ол жерде қаңтардан маусым айына дейін оқуы тиіс еді. 

Коронавирус өрши бастағанда азиялықтар қысым көрген. 

"Біз Испанияда ұлтшылдық пен нәсілшілдікке тап болдық. Дүкенде нан да сатпайды. Бізге саусағын шұқып: "Сендер азиатсыңдар, коронавирус!" ,- дейді. Ересектер бізге жұмыртқа лақтырады. Балалар неше түрлі әрекет жасап, мазақ қылады. Бастапқыда дүкенге шығуға қорықтық, қазір, тіпті, ұйықтауға қорқамыз", - деп жазды студент қыз. 
Студенттер Еуропа, яғни Испанияға ұшатын рейстердің азайғанына алаңдап отыр. 

"Тұратын жеріміз жоқ. Үйдің иесі карантин болғандықтан, үйден шыға алмайтынын айтты. Сондықтан айдың соңына дейін ғана тұра аламыз. Азиялықтарды қалада ешкім көргісі келмейді. Өміріміз үшін қорқып отырмыз", - дейді қазақстандық.

Қыздың әлеуметтік желідегі жазбасына білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов пікір жазған. Ол студенттерге  Испаниядан оралу керек екені бұған дейін айтылмады деген ақпаратты жоққа шығарды. 

"Қайырлы күн, сіздерге 2 наурыз күні елге оралу ұсынылды. Сіздер бас тарттыңыздар!", - деді Дәуленов.

Сондай-ақ, вице-министр университеттің өтініші бойынша студенттерге 19 наурыз күніне билет алғанын жеткізді. 

"Сағат 11.20 -да Мадрид-Мәскеу-Алматы. Жолға шығуға дайын болуларыңызды өтінемін", - деді вице-министр. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары