Италияның Монза қаласында (Миланның жанында) 34 жастағы мейірбике коронавирус жұқтырғанын білгеннен кейін өзіне қол салған. Бұл туралы Daily Mail жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Даниэла Трецци Италияның коронавирус ең көп тараған аймағы Ломбардиядағы Сан-Херардо ауруханасында интенсив терапия бөлімінде жұмыс істеген. 10 наурыздан бастап ол, коронавирус инфекциясының белгілері болғандықтан, карантинге жатқызылған.
Фото: fakty.ua
COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсеткеннен кейін мейірбике өз-өзіне қол салған.
Италия медбикелер ұлттық федерациясының мәліметі бойынша, Трецци басқа адамдарға коронавирус жұқтырудан қорқып, "қатты күйзелістен" зардап шеккен. Олар Даниэла өз-өзін өлтірген алғашқы медициналық қызметкер емес екенін айтады. Осыдан бір апта бұрын Венецияда медбике дәл осындай жағдайда суицид жасаған.