$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтандағы сауда үйлердің бірінде әйелдің денесі табылды (ВИДЕО)

Құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы сауда үйінде қайтыс болған әйелдің видеосы тарап жатыр. Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"27 наурызда сағат 12.27-де "Әлем" сауда орталығының 1-қабатында 70 жастағы әйелдің денесі табылды. Денесінде ешқандай жарақат жоқ. Әйелдің қасында бас айналуына қарсы, бүйректің созылмалы ауруын, жоғары қан қысымы және бас ауруын емдеуге арналған дәрілер табылды. Бұдан бөлек, әйел қант диабеті және артериалды қан қысымына байланысты диспансер есебінде тұрған", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Өлімнің себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#адам өлімі