$ 494.87  520.65  4.91

Мысырдан елге оралғандарды полиция мен дәрігерлер карантинге жатқыза алмай әлек (ВИДЕО)

Оқиға 25 наурызда Шахтинск қаласында болған.

Мысырдан оралған Шахтинск тұрғындары полиция мен дәрігерлерді табалдырықтан аттатпады. Құқық қорғаушылар құтқарушылардан көмек сұрады, деп хабарлайды Қарағанды ​​облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға 25 наурызда Шахтинск қаласында болған.

"Мысырдан ұшып келген адамдар қажетті медициналық тексерістен өтуден бас тартып, полиция мен медицина қызметкерлеріне есікті ашпады. Өрт сөндіруші-құтқарушылар төртінші қабатта орналасқан пәтердің балконына автосаты орнатты. Осыдан кейін үй иелері сыртқы есікті өз еркімен ашты", - деп хабарлады төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері.  

Азаматтар сапардан кейін карантинде отырғысы келмей, үйде өздерін оқшауламақ болған.

Қарағанды полиция департаменті тұрғындардың ауруханаға жатудан бас тартуына байланысты оқиға орнына полиция жасағы мен учаскелік полиция қызметкері шақырылғанын атап өтті. Төтенше жағдай режимі кезіндегі заң бұзушылықтар туралы заңнаманы түсіндіргеннен кейін, отбасы Қарағандыға өз еркімен карантинге баруға келісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#карантин