Оқиғалар 08.04.2020 сағат 14:40

Алматы облысы: Жерасты өткеліндегі қыз зорлау әрекеті ВИДЕОға түсіп қалды

Бұл мәліметті қалалық полиция департаменті растады.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматыда жерасты өткелінде белгісіз біреу 23 жастағы қызды зорламақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл мәліметті қалалық полиция департаменті растады.

Әлеуметтік желілерде Ақкент ықшамауданында қызға шабуыл жасалғаны туралы хабарламалар тарап жатыр. Instargam желісіндегі almaty_kris_p парақшасындағы мәліметке сүйенсек, белгісіз біреу қызды зорламақ болған.

"23 жастағы қыз жерасты өткелінен өтіп бара жатқан. Бір сәтте бір ер адам қызды сүйреп алып, қылқындырып, ұрып-соғып, артынша зорлаған. Қазір ол іздестіріліп жатыр. Бұл өткелде бірде-бір камера жұмыс істемейді екен. Бұл үшін кім жауап береді?", - дейді видео авторы.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдай ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша тіркелді. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

"Оқиғаның мән-жайы мен күдіктіні анықтау мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Сот-медициналы сараптама тағайындалды, нәтижесін күтіп отырмыз. Барлық кешенді іс-шара жүріп жатыр. Кінәлі адам анықталып, Қылмыстық кодекс бойынша қатаң жазаланады", - деді полицейлер.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар