$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында 119 ғимараттың шатыры жұлынып кетті

Қазіргі уақытта 189 елдімекенде электрмен жабдықтау бұзылды.
фото: inform.kz
фото: inform.kz


Ақмола облысында қатты жел көптеген ғимараттың шатырын ұшырып әкетті, салдарынан облыс бойынша электр беру желілерінің зақымдануы, әлеуметтік, тұрғын және коммерциялық орбъектілердің шатырына зақым келген. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақмола облысы төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазіргі уақытта 189 елдімекенде электрмен жабдықтау бұзылды. Оның ішінде «АРЭК» АҚ және «Көкшетау Энерго» ЖШС күшімен 51 елдімекенде электр энергиясын беру қайта қалпына келтірілді, 138-ге жалғасуда. Абоненттерді есептеу жүргізілуде.

Сағат 15.00-ге дейін 108 елдімекенге электр энергиясын беру қалпына келтіріледі, қалған 30-на зақымдану учаскелеріне жету қиынға соғуына байланысты қалпына келтіру жұмыстары қиын болуда. Оларды шектеуді енгізумен баламалы электр беру желілері арқылы қосу пысықталуда. Электр энергиясын толық және сапалы қалпына келтіру ауа райы-климаттық жағдайларды жақсаруымен мүмкін болады", - делінген ресми хабарламада.

Көкшетау және Степногорск қалаларында, сондай-ақ, 12 ауданда 43 әлеуметтік объектіде, мектептер мен ауруханалар, балабақшаларда және 70 тұрғын үй және 6 коммерциялық объектіде, жалпы,119 нысанның шатыры жұлынған.

 Бурабай ауданының Ұрымқай ауылдық округінде ЖШС-нің машина ауласындағы шатыры бұзылған кезде 1980 жылы туған азамат қаза тапты. Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін шығын сомасын анықтау және материалдар дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары