$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда бірнеше кәсіпорын кедергісіз жүріп-тұру үшін жалған анықтамалар жасаған

Соңғы аптада айыппұл тұрағына 400-ге жуық автокөлік жөнелтіліп, 500-ден астам мемлекеттік нөмір тәркіленді.

Елордада бірқатар кәсіпорын Нұр-Сұлтан қаласы бойынша кедергісіз жүріп-тұру үшін жалған анықтамалар жасаған. Кәсіпорын басшылары оларда жұмыс істемейтін азаматтарға анықтама берген. Тәртіпбұзушылық фактілерін полиция қызметкерлері планшеттегі электронды база арқылы тексеру кезінде анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Барлық патрульдық қызметтер планшеттермен қамтылған. Тәртіп бұзушылар  жауапкершілікке, тіпті, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Өткен аптада қалада карантин режимін бұзғаны үшін 800-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылайды, оның 32-і қамауға алынды, қалғандарына айыппұл салынды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша әкімшілік полиция бастығы Елжан Шөпековтің айтуынша, карантин кезінде қала көшелерінде бес мыңға жуық полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қадағалауда. 

"Қала тұрғындарының көбі тәртіпті бұзып жатқан жоқ, алайда полицияны алдауға тырысатын тұрғындарымыз да бар.  Шағын кәсіпорын иелері азаматтар қала ішінде кедергісіз, еркін жүріп-тұруы үшін жұмыс орнынан жалған анықтамалар берген. Олар әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін", – деп атап өтті Е. Шөпеков. 

Соңғы аптада айыппұл тұрағына 400-ге жуық автокөлік жөнелтіліп, 500-ден астам мемлекеттік нөмір тәркіленді. 

"Карантиннің бірінші күнінен бастап тәртіп бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке шамамен үш мың адам тартылды. Полиция тұрғындарды карантин режимін бұзбауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын ойлаңыз,", - деді Шөпеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары