Атырау облысында балық қорын заңсыз аулаушылардан қорғайтын инспекторларға белгісіз біреулер қарсылық танытып, мотоциклді өртеп жіберген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сол оқиға туралы видео әлеуметтік желілерде кең тарап, 14 сәуірде болғаны айтылған. Белгілі болғандай, Жайық өзенінің жағасында инспекторларға төрт браконьер қарсылық танытқан. Олар өртеп кеткен мотоциклдің жанында аулар мен заңсыз ауланған балықтар шашылып жатыр.
«Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде таратылған видеодағы балық қорғау инспекциясы қызметкерлеріне бағынбаған белгісіз азаматтарды анықтады. Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа су жануарларын заңсыз алу) және 379-бабымен (Билік өкіліне бағынбау) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр» -деп хабарлады Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.