$ 494.87  520.65  4.91

Петропавлдық полицейлер аулада жанжалдасқан жігіттің бұғанасын сындырды (ВИДЕО)

Шенді одан сайын күшке салып жібергенде, жігіттің сатыр етіп сынған сүйегі әжептәуір алшақтан түсірілген видеода анық естіліп тұр.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Даная Қалиева есімді желі қолданушы facebook парақшасына көпқабатты үйлердің ауласында полиция қызметкерлерінің бір жігітті қолын қайырып жығып алып жатқан видеосын жариялады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеодан полицияға арқа сүйеген әйелдің өзімен сөзге келіп қалған жас жігітті балағаттап тұрғанын көруге болады. Тіпті, ол өзін тыныштандырмақ болған сақшының қолын қағып жіберіп, қарсы жауап қайтарған ер адамға ұмтылып-ұмтылып қояды.

Жанжалдың жай тынбасын білген екі полицей жігіттің қолын қайырып, жерге жығып алады. Осы сәтте сол жақ қолына жармасқан шенді одан сайын күшке салып жібергенде, жігіттің сатыр етіп сынған сүйегі әжептәуір алшақтан түсірілген видеода анық естіліп тұр. Қолы салбырап қалған ол жатқан жерінде сылқ етіп талықсып кетеді. Ал әлгі әйел болса, сол маңда үшінші бір масты жұлқылап жүр.

Тағы оқи отырыңыз: Погоны жұлынып, қолтығы жыртылған: алматылық полицей тұрғындармен жағаласып жүр (ВИДЕО)

Видеоға «Полицейлер адамның бұғанасын сындырды. Петропавл» деп жазыпты Даная Қалиева.

Ал Петропавловск.news порталының хабарлауынша, СҚО ПД баспасөз қызметі бұл оқиғаның 11 сәуірде болғанын мәлімдеген. Қаладағы Назарбаев көшесі, 225 үйдің ауласында 1987 және 1988 жылы туған екі мас төбелескен көрінеді. Содан полиция «самбо әдісін қолдану арқылы» қолын сындырған жігіт №3 қалалық ауруханаға жатқызылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары