Ақмола облысында ер адам 112 бұрамашегені жұтып қойған, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Ауыр операцияны облыстық аурухананың үш дәрігері жасаған. Шегелердің жалпы салмағы 800 граммдай болған. Облыстық колониялардың бірінде жазасын өтеп жатқан ер адам шегелерді әдейі жұтқан.
Қазір ер адамның жағдайы жақсы. Науқасты ауруханадан шығарды. Ол жазасын әлі де өтеп жатыр.