$ 494.87  520.65  4.91

ҰҚК Каспий аймағында заңсыз балық аулап жүрген әзірбайжандық азаматтарды ұстады

Сондай-ақ, Ф-1 қол гранатасы тәркіленді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 11 сәуірде балықтарды қорғаудың «Бекіре» кең көлемді акциясы шеңберінде Каспий теңізінің су айдынында заңсыз балық аулап жүрген Әзербайжан Республикасының 4 азаматын ұстады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тексеру іс-қимылдары барысында ұсталған тұлғалардан балық аулауға арналған құрал-жабдықтар, сондай-ақ Ф-1 қол гранатасы тәркіленді. Көрсетілген тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттары мен жарғыш құралдарын заңсыз алу, беру, қолға түсіру, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» 3-бөлігі 287-бабы және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз бұзу» 392-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген ресми хабарламада.

Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары