$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайлық тұрғын 2 баласымен қоса өзін пышақтап өлтірмек болды

Олар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Қостанайда 26 жастағы әйел өзін және екі баласын жарақаттаған. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлайды "Костанайские новисти" сайтына сілтеме жасап. 

«Шақырту түнгі сағат үште түсті. 26 жастағы әйел қалалық аурухананың жарақат бөліміне жеткізілді. Өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Әйел білегін жарақаттаған», – деді басқарманың баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

Әйел екі баласына да пышақ жарақатын салған. Олар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бір және үш жасар балалардың да білегі кесілген. Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің психикалық ауруы қозып кеткен.

Қазір оның жағдайы тұрақты. Ол қалалық аурухананың травматология бөлімінде, ал балалар балалар ауруханасының травматология бөлімінде жатыр.

Әйелді мұндай қадамға не мәжбүр еткені әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#пышақ салу