$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай тұрғыны көпірден секірген қызды ажалдан арашалап қалды

Ойланбастан мұзы енді еріп жатқан суға мен де секірдім.

 Қостанай тұрғыны Владимир Аксенов Тобыл өзеніне секіріп кеткен қызды аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 13 сәуір күні кешкі 21:00-де болған. 36 жастағы қала тұрғыны Владимир Аксенов отбасымен бірге Тобыл өзенінің жағалауында серуендеп жүрген.

 «Кенет «мені құтқарыңдар!» деген дауысты естідім. Бастапқыда жас жігіт шығар деп ойладым. Жұбайымды орамал алып келу үшін үйге жібердім де, дауыс шыққан жаққа қарай жүгірдім. Қыз баланың суға түсіп кеткенін көрдім. Ойланбастан мұзы енді еріп жатқан суға мен де секірдім. Бойжеткен жүзу білмейтінін айтты. Оған дейін жүзіп бардым да, аман-есен жағаға алып шықтым», - дейді Владимир Аксенов.

 Осы уақытта оқиға орнына полиция патрульдері келіп жеткен. Полиция лейтенанты Дүйсенбай Қоянбаев пен аға лейтенант Бәкіжан Мақсат та көмек көрсетті. Одан әрі дәрігерлер бойжеткенді ауруханаға жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары