$ 449.58  486.94  4.86

Түркістанда әйел кәмелетке толмаған қызды сатпақ болған

Оны пәк, таза деп сылтауратып, клиенттерден ірі көлемде ақша сұрап, келісуден кейін кездесуді ұйымдастырып отырғаны белгілі болды.​​​​

Түркістан облысының полицейлері кәмелетке толмаған қызды сатпақ болған күдіктіні ұстады​, деп хабарлайды Polisia.kz.​​​​​

13 сәуірде Түркістан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасына бір әйелдің кәмелетке толмаған қызды жыныстық қызмет көрсету үшін белгілі сомаға сатқалы жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабының 2-бөлігі, яғни "Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

​​​​​​Сол күні жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, Түркістан облысы ПД КПБ және Сайрам АПБ-ның қызметкерлері Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы қонақ үйлердің бірінде кәмелетке толмаған қызды сату кезінде Шымкент қаласының тұрғынын ұстады. Кәмелет жасына толмаған қыз мегаполистің тұрғыны, оқу орындардың бірінің студенті болып шықты. Полиция қызметкерлері күдіктіден айғақты зат ретінде 1 миллион теңге ақшаны тәркілеп алды. ​​Тергеу барысында күдіктінің бұрын осы жас қызды бірнеше рет жыныстық қызмет көрсету үшін ұсынғанын анықтады. Жеңгетайлық келіссөздерді телефон арқылы жүргізіп, клиенттерге мессенджермен кәмелетке толмаған қыздың суретін көрсетіп отырған. Оны пәк, таза деп сылтауратып, клиенттерден ірі көлемде ақша сұрап, келісуден кейін кездесуді ұйымдастырып отырғаны белгілі болды.​​​​Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Түркістан облысы ПД-нің полицейлері істің толық мән-жайын және күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жезөкшелік