Павлодар облысының 65 тұрғыны бетперделік режимді ұстанбағандары үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
КВИ-дің таралуының алдын алып, халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дəрігерінің қаулысымен 2020 жылдың 13 сəуірінен бастап, Павлодар өңірінің аумағында карантин режимі енгізілді. Карантин кезеңінде тұрғындардың үйден шығуына шектеу енгізілді.
Тек азық-түлік пен дəрі-дəрмек пен медициналық құралдарды жəне бірінші қажеттілік заттарын алу үшін ғана үйден шығуға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, жасы 65-тен асқан жəне 18 толмаған тұлғаларға жалғыз шығуға болмайды. Адамдар көп шоғырланатын орындарға баруға тыйым салынады (саябақтарға, жағажайға, спорт алаңдарына, аулалық, балалалар ойын алаңдарына).
Көшеге шыққан адамдар бетперде тағуға міндетті. Карантин талаптарын сақтамаған тұлғалар əкімшілік жауапқа тартылады. Тəртіп сақшыларымен тұрақты түрде, карантинді аумақтарды тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Кезекті рейдтік шараларды өткізу барысында, сағат 23.00 -де Короленко көшесінде 28 жастағы екі жігіт анықталды, олар қала ішінде жеке қорғаныс құралы бетпердесіз жүрген. Ол екеуін сұрастыру барысында, нан аламыз деп шыққандарын айтты, алайда азық-түлік дүкендері сағат 20.00 ге дейін ғана жұмыс жасайтынын ұмытып кеткен сияқты.
Аталмыш тұлғаларға қатысты, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша əкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жіберілді. Ұқсас фактілер Тереңкөл ауданында да анықталды. Рейдтік шара барысында тəртіп сақшыларымен режим талаптарын бұзған екі факт анықталды. Үйден тыс жерде бетпердесіз жүргендері үшін оларға қатысты да 476-бап бойынша əкімшілік хаттамалар толтырылып, сот шешімімен 10 АЕК көлемінде əкімшілік айыппұл салынды. Бұзушылардың бірі қызметкерлердің заңды талаптарына бағынбаған.
Сот шешімімен 36 жастағы азамат 15 тəуліктік мерзімге əкімшілік қамауға алынды. Полиция қызметкерлерімен бүгінгі күні карантин режимін бұзған 192 факт анықталды. Белгіленген тəртіпті бұзушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-478 баптары бойынша əкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімдерімен 39 сату нүктелерінің иелерінің əрқайсысы 5-тен 10 тəулікке дейін əкімшілік қамауға алынды. 115 облыс тұрғынына 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. 12 ескерту берілді. Тағы 26 əкімшілік материал сот қарауында тұр.
Полиция қызметкерлері карантин режимі жағдайында, тəртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қойылған шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады.