$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтан тұрғыны ережеге бағынып, үйіне баруын өтінген тәртіп сақшысының құлағын тістеп алды (ВИДЕО)

Полицейлердің мәліметінше, мобильді патруль қала көшелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізген.

Нұр-Сұлтанда ер адам полиция қызметкерінің құлағын тістеп алды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Полицейлердің мәліметінше, мобильді патруль қала көшелерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Момышұлы даңғылында патрульдік көлік карантин ережесін бұзған және полицейлерге ескерту жасаған ер адамды байқаған.

«Тәртіп сақшылары ер адамға карантин ережесін бұзбай, үйге баруын сұраған. Алайда, ер адам өзін агрессивті ұстаған. Патрульдік көліктегі қызметкерлерді ұрып-соғып, теуіп, әскери қызметкердің құлағы мен қолын тістеп алған», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 37 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#карантин