$ 498.34  519.72  4.85

ШҚО-да ірі қара малдар белгісіз аурудан өліп жатыр

Тұрғындар жергілікті биліктен шығынды өтеп беруді талап етіп отыр.
фото: inbusiness.kz
фото: inbusiness.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы Көктал ауылында белгісіз індеттін ірі-қара қырылып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Қазақстан Ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Екі аптаға жуық уақыт өтсе де, жұқпалы дерттің бәсеңдейтін түрі жоқ. Азын-аулақ малмен жан бағып отырған жұрттың кейбірінің қорасы қаңырап бос қалды. Ал мамандар сиырдың неден өліп жатқанын білмейді. Ауыл тұрғындары мәселені айту үшін арна тілшісіне хабарласыпты.

Тұрғындар белгісіз індет өршімес үшін, елді мекенді карантинге жауып, толықтай залалсыздандыру керек екенін айтып отыр. Бірақ жұқпалы ауруды анықтамайынша, ешқандай шара қолдана алмайтынын айтады ветеринарлар.

Қазір Көктал ауылында өлген сиырдың саны 100-ден асып кеткен. Тұрғындар жергілікті биліктен шығынды өтеп беруді талап етіп отыр. Бірақ, індеттің жәй жапсары анықталмайынша, «өтемақы беріле ме, жоқ па ол жағы белгісіз. Зертхана нәтижелері осы айдың соңында ғана белгілі болмақ. Әзірге тұрғындарға малды сатуға, еті мен сүтін пайдалануға әсте болмайтынын айтады мамандар.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары