$ 446.49  475.38  4.79

Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 19 азаматы төбелесіп, пышақтасқан (ВИДЕО)

«Оқиға орнына барған полицейлер 19 қазақстандықты ұстады», - деді Айбек Смадияров.

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында 19 қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«18 сәуірде Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында елде заңсыз жүрген Қазақстанның 19 азаматы төбелес шығарды. Оқиға орнына барған полицейлер 19 қазақстандықты ұстады», - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын айтты.

«Біздің дипломаттар бұл мәселені бақылауда ұстап отыр. Жергілікті полиция мен көші-қон қызметімен байланыста», - деді ресми өкіл.

Ал КТК телеарнасы ол 19 тентекті пышақтасқан деп хабарлады. Корея телеарнасы да оқиға орнынан арнайы хабар таратқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары