$ 498.34  519.72  4.85

Жамбыл облысында мас адам полиция қызметкеріне пышақ сұғып алды

Ұсталған 49 жастағы ер адам өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Жамбыл облысының тұрғыны мас күйінде полицейге пышақ сұғып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы ағасы мен інісі арасындағы отбасылық жанжал туралы түскен хабарлама бойынша тиісті мекенжайға барған. Оқиға Тастөбе ауылында болған.

«Ауыл тұрғыны мас күйінде полиция қызметкеріне ас үй пышағын сұғып алды. Суық қару полиция қызметкерінің бронежилеті болғандықтан денесіне өтпеген. Ұсталған 49 жастағы ер адам өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі 9-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген ведомство хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары