$ 498.34  519.72  4.85

Карантинге жатқызылған ер адам терезеден қашуға әрекеттеніп, көз жұмды

Марқұм бұрын сотталған болып шықты.

22 сәуір күні Таразда уақытша стационардан қашпақ болған ер адамның өлімі тіркелді. Науқас биіктен құлап, қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, 42 жастағы науқас ауруханадан қашуды жоспарлаған көрінеді.

Аурухана қызметкерлерінің тәртіп сақшыларына айтқан дерегіне сәйкес, қисынсыз әрекет етерге дейін ер адам ашулы болған, кейін 2-қабат терезесінің маңдайшасына шығып алған.

Артынша асфальтқа құлап түсіпті. Дәрігерлер оған көмек көрсетуге дәрменсіз болған. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Марқұм бұрын сотталған болып шықты. Созылмалы алкоголизммен ауыратын науқас ретінде екі жыл бойы (2013-2015 жылдары) мамандар есебінде тұрған.

Ер адамнан коронавирусқа сынама алынып, нәтижесі теріс болып шыққан.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабы бойынша іс қозғады. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Айта кетерлігі, бірнеше күн бұрын Ақмола облысындағы Гранитный ауылының 43 жастағы тұрғыны карантиндік ауруханадан қашып кеткен болатын. Ер адам алдымен күзетшіні айналып өтіп, оны тоқтатуға тырысқанына қарамастан қашып кеткен.

Полицейлер оны үйінен тауып, қайта аурухана жеткізді. Осы әрекеті үшін жақындары да зардап шекті, науқаспен байланыста болған олар да ауруханаға жатқызылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары