$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтан маңындағы елді мекеннің тұрғындары далаға от жағып, тамақ пісіріп жүр (ВИДЕО)

Электр жүйесіндегі ақау себебінен мұндағы тұрғындар осымен үшінші күн жарықсыз отыр екен.

Ақмола облысының Қосшы ауданы "Лесная поляна" ықшам ауданының тұрғындары жарықсыз қалдық деп наразы. Сөздерінше, осымен үш күн қатарынан электр қуаты өшіп қалыпты. Сол себепті жергілікті жұрт, тіпті, тамақты далаға от жағып пісіруге мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz.

Әлеуметтік желілерде Қосшы ауылында халық далаға жаппай жиналып жатқаны түсірілген видео таралыпты. 

"Адамдар тамақты далада жасап жүр", - дейді видео авторы. 

Электр желісіндегі ақау себебінен мұндағы тұрғындар осымен үшінші күн жарықсыз отыр екен. 

Бұл жағдай туралы Қосшы ауылдық округы әкімінің орынбасары Парасат Досмағамбетов сөз қозғады. 

"Электр ақауы бұл ауданда жексенбіден бері жалғасып келеді. Ол кезде жарық сағат 16:00 шамасында өшіп қалып, он екі сағат болмады. Кеше және бүгін жағдай қайталанды. Ақау себептері анықталуда. Сым тізбегі істен шыққан. Арнайы бригада жұмыс істеуде. Ақау табылып жатса, жақын арада мәселе шешіледі", - дейді ол.

Алайда, әкім орынбасары тұрғындардың жарыққа қашан қол жеткізетінін дөп басып айта алмады.      

"Ешкім далада тамақ жаса жүргені жоқ. Мен сол жақта жүрмін. Олар түймедейді түйедей етуде. Бұл жерде жергілікті полиция қызметкерлері де бар. Алғашында сыртта жүрген. Бірақ, түсіндіру жұмыстарынан кейін жағдайды түсініп, үйлеріне тарқасты", - деп қосты шенеунік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары