$ 494.87  520.65  4.91

Бір сәтте 10 тонна су төге алатын әлемдегі ең үлкен тікұшақ ШҚО-дағы өртті сөндіруге жіберілді (ВИДЕО)

Бортта өртті сөндіруге атсалысатын Көкшетау горнизонының 30 мүшесі бар.

ІІМ ТЖ комитеті Шығыс Қазақстан облысы "Семей орманы" резерватындағы өртті сөндіруге Ми-26Т тікұшағын жіберді, деп хабарлайды Tengrinews.kz, комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметке сілтеме жасап. 

"Сағат 07:45-те Көкшетаудан дүние жүзіндегі ең үлкен тікұшақ Ми-26Т Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданындағы өртті сөндіруге жіберілді. Борт бір сәтте 10 тонна су төге алады. Одан бөлек, бортта өртті сөндіруге атсалысатын Көкшетау горнизонының 30 мүшесі бар", - дейді Нұрахмет. 

МИ-26 - ауыр, көп функциялы ресейлік тікұшақ. Бұл - дүние жүзіндегі ең ірі сериялық шығарылымдағы тікұшақ. 20 тоннаға дейін техника мен ірі габаритті жүктерді сыртқы аспада не жүк кабинасында тасымалдай алады. Ми-26Т модификациясы өртті сөндіру үшін әзірленген, сонымен қатар жүктерді тасымалдау үшін де қолданылады. Мысалы, 1999 жылы Ми-26Т 20 мың жыл бұрын өлген мамонт пен мұздың 20 тонналық кесегін тасымалдау үшін пайдаланылды.

Тағы оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстанда орман өртеніп жатыр

Еске салайық, кеше, 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы "Семей орманы" резерват аумағында өрт шыққан. Алдын ала болжам бойынша, өрт аумағы - 100 гектар. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары