$ 448.15  483.46  4.86

«Барлығы көрініп тұр ғой»: карантин режимін бұзған әнші кешірім сұрады (ВИДЕО)

Іс материалдары шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

 Алматыда әнші Ернар Айдар карантин режимін бұзды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол және тағы 12 адам бір бөлмеге жиналып, ұтыс өткізді. Сонымен қатар, олар онлайн түрде тікелей эфир жүргізді. 

"Ұстауды экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері жүргізді. Негізгі өндіріс осы бөлімшеде. Полиция, өзінің юрисдикциясына сәйкес, бұл жағдайда қамауға алынған адамдарға карантин режимін бұзғаны үшін шаралар қолдануға құзырлы. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді", – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының басшысы Болат Тотыбаев. 

Видеодан Ернар Айдардың және оның қасындағы тағы бір ер адамның қателіктерін мойындап тұрғанын байқауға болады. Онда бір адам әншіне "Сіз полиция қызметкерлері не үшін ұстады?" деп төтесінен сұрақ қойған. 

Ал әнші болса, оның сұрағына: "Ойын ойнатып жатқан кезде ұстады. Мен өзімнің әрекетім үшін, карантин жағдайында шығып кеткеніме әрине, үлкен кешірім сұраймын. Ол жағынан әрине, қауіпсіздікті сақтауым керек. Барлығы көрініп тұр ғой, тікелей эфир. Барлығы тікелей эфирде болды", - деп жауап берді.
 
Әншіден бөлек, басқа да азаматтар жауапқа тартылған. 

Полиция төтенше және карантиндік режимдерді бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын және нәтижесінде – 10 АЕК айыппұл салудан 15 тәулікке дейін қамауға алынатындығын ескертті.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары