$ 494.87  520.65  4.91

Тараздағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінен өлі дене табылды

Жараланған ер адам пәтерден шығып, кіреберісте құлаған.

Тараз қаласындағы шағын аудандардың бірінде ес-түссіз жатқан адам табылды.   

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 50 жастағы ер адам пышақ жарақатын алып, көз жұмғанын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел іздестіру іс-шарасы барысында Тараз қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 2000 жылы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша бұрын сотты болған 45 жастағы күдіктіні ұстады. Олар бiрге спирттік ішімдік ішіп, араларында жанжал шыққаны белгілі болды.  

Жараланған ер адам пәтерден шығып, кіреберісте құлаған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамасы тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары