$ 448.89  477.93  4.76

Қостанайда отқа оранған үйден ер адамның мәйіті табылды

Өрт сөндірушілер үйден төрт газ баллонын алып шыққан.
фото: Қостанай облыстық ТЖД
фото: Қостанай облыстық ТЖД

Қайғылы оқиға Қостанайда 30 сәуірде болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, таңғы сағат 05:57-де Мичурин көшесінде жеке тұрған бір бөлмелі үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен.  

 Тұрғын үйде бөлме арасындағы қабырға мен еден өртенген. Ал үйге кіреберістен ер адамның денесі табылған. Өрт сөндірушілер үйден төрт газ баллонын алып шыққан. Өрт 80 шаршы метрді шарпыған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары