$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент тұрғыны үйінде есірткі притонын ұйымдастырған

34 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Шымкент қаласының тұрғыны төтенше жағдай кезінде өз үйінде есірткі притонын ұйымдастырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

22 сәуірде Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен кешенді жедел іс-шаралар жүргізу барысында есірткі құралдарын заңсыз дайындау, өткізу және есірткі притонын ұйымдастыру бойынша күдікті 34 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

 Тінту барысында күдіктінің үйінде есірткі заттарын тұтынуға арналған ғимарат табылды. Барлық айғақты заттар тәркіленді. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) және 302-бабының 1-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары