$ 494.87  520.65  4.91

Мақтаарал ауданында 31 000-нан астам тұрғын эвакуацияланып, 631 үй судың астында қалды

165 шошқа Мақтарал ауданындағы су басу қаупі жоқ жерге жеткізілді.
фото: facebook.com/ontustik.gov.kz
фото: facebook.com/ontustik.gov.kz

Мақтаарал ауданының су басқан елдімекендерінен 2 мамырдан бастап 31606 адам эвакуацияланған. 4 мамыр күнгі ақпарат бойынша Жаңа-Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй), Өргебас (194 үй), Достық(11 үй) елдімекендерінен жалпы саны - 631 үй су астында қалды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2 мамырдан бері Атакент елдімекенінде 24 эвакуациялық бөлім құрылып, жұмыс жүргізуде.

Апаттан құтқару жұмыстарына жалпы саны 986 адам, 4 қайық, 180 дана техника тартылған.

Полиция тарапынан Жаңа-Тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Нұрлыжол, Иіржар елдімекендерінде бір, Т.Жайлыбаев ауылында екі блок-бекет құрылып, оның жалпы саны 7-ге жетті.

Тағы оқи отырыңыз: «Өзбекстан біз жаққа бір тамшы су да бармайды деген» - Сәкен Қалқаманов

«Түркістан облысының 10 ауылын су басты»: президент Өзбекстанмен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты

Өзбекстанда бөгеттің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

3115 ірі қара мал, 1101 ұсақ мал, 585 жылқы, 34 түйе Келес ауданы, Қызыләскер ауылына жеткізілді. Бұдан бөлек, 1797 ірі қара мал, 6029 ұсақ мал, 689 жылқы, 381 түйе, 165 шошқа Мақтарал ауданындағы су басу қаупі жоқ жерге жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары