Мәскеу маңындағы Карсногорск қаласында орналасқан қарт адамдарға арналған «Второй дом» әлеуметтік-медициналық мекемесінен өрт шықты, құрбан болғандар бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат, ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтерінше, оқиғаның салдарынан 9 адам құрбан болды. Төтенше жағдайлар қызметі мерт болған 10 адам туралы хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттың шығуына су жылытқыш құрылғы себеп болуы мүмкін.