20.05.2020, 15:00

Салмағы 200 келіге жуық әйел аман-есен сәбиін қолына алды

Салмағы аса ауыр әйелдің жыныстан тыс дерті болуына байланысты анестезиологиялық және хирургиялық әдіспен жедел босандыруда техникалық қиындықтар болған.

Ақмола облысының перзентхана орталығында салмағы 189 келі болатын жүкті әйелге кесарь отасы жасалып, аман-есен босанды. Бұл туралы Көкшетау қаласындағы көпбейінді облыстық ауруханасы мәлім етті, 

Салмағы аса ауыр әйелдің жыныстан тыс дерті болуына байланысты анестезиологиялық және хирургиялық әдіспен жедел босандыруда техникалық қиындықтар болған.

«Мұндай операция жасалғаннан кейін түрлі асқынулар болуы мүмкін, ота сонысымен күрделі. Ота жасау бригадасы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарды. Бәрі сәтті өтті», - деді облыстық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Жаров.

Ана мен баланың қазіргі жағдайы тұрақты. Жақында олар үйлеріне оралады.

Тегтер: жүкті әйел