Моншада түскен видеосы тарап кетіп, бүкіл елге танымал бола жаздаған Алматы облысы Панфилов ауданының прокуроры Саян Шалғымбаев прокуратура органдарынан қуылды, деп хабарлайды zakon.kz, журналист Михаил Козачковтың ақпаратына сілтеме жасап.
Ал оның үзеңгілес досы, моншаға бірге түсетін сыбайласы – Кербұлақ аудандық сотының төрағасы Дінмұхамед Сейітовтің тағдырын жақын арада Жоғарғы сот кеңесі шешеді.
Тексеру нәтижелері Жоғарғы сот кеңесіне түскен екен.