Нұр-Сұлтанда құрылыс нысандарының бірі карантинге жабылды. Скрининг барысында құрылыс компаниясының инженерінен коронавирус анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алгоритмге сәйкес, құрылыс компаниясының 600-ден астам қызметкері сынақтан өтіп, 63-тен астам адамда коранавирус расталды. Олардың барлығы стационарда. Барлық аумақ дезинфекцияланды.
21 мамырдағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтанда 10 нысан карантинде. Нұр-Сұлтанда барлығы 1403 КВИ жағдайы тіркеліп, 633 науқас емделіп шықты.
Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтармен бірлесіп күнделікті негізде нысандардың санитарлық нормаларды сақтауы бойынша рейд жүргізеді.
Санитарлық нормаларды бұзғаны үшін елордада 25 нысан жабылды. Олардың ішінде құрылыс компаниялары, дүкендер, кафелер, мейрамханалар бар. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етпейінше нысандар ашылмайды. 150 кәсіпорын ескерту алды. Қатаң ережелер коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қабылданды. Айта кету керек, елордада маска тағу режимі сақталуда.